«Барыс» «Торпедоны» ойсырата жеңді
<p style="text-align: justify;">«Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатының кезекті матчында Нижний Новгородтың «Торпедосын» жеңді. Кездесу 4:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> команданың баспасөз қызметіне <a href="https://www.hcbarys.kz/news/item/khl-barys-torpedo1710/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>
ҚХЛ тұрақты маусымының үй матчында елордалық «Барыс» Нижний Новгородтың «Торпедосын» ойсырата жеңді. Кездесу 4:1 есебімен аяқталды.
Шайбадан жеңімпаздар қатарында Кирилл Савицкий, Әлихан Әсетов, Линден Вей және Антон Сагадеев болды, ал Никита Михайлис екі нәтижелі пас берді.
«Торпедо» ҚХЛ Батыс конференциясында 4-ші орында келе жатыр, ал «Барыс» Шығыста үшінші орында тұр.