Білім
1 мин оқу 381

Дина Афанасьева әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық колледж түлегі Дина Афанасьева WorldSkills Competition 2022 Special Edition әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарыс 9-17 қазан аралығында Коян қаласында (Оңтүстік Корея) өтті. Отандасымыз «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша осындай жоғары нәтижеге қол жеткізген. 

«Бұл дүниежүзіндегі колледж студенттеріне арналған ең беделді жарыста алған Қазақстанның алғашқы медалі. Былтыр Павлодар колледжінің студенті болған Дина «Веб-әзірлеу» бағыты бойынша EuroSkills Graz 2021 Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын. Динаны жеңісімен құттықтаймын!

Оның еңбегі, білімі мен табандылығы еліміздің барлық колледж студенттеріне үлгі. Сондай-ақ әріптесім, елордалық колледж оқытушысы Айжан Зиядановаға студентінің тамаша нәтижесі үшін алғыс айтқым келеді. Алда Динаны жаңа жеңістер мен биік белестер күтіп тұрғанына сенімдімін. WorldSkills Competition 2022 Special Edition-ға 60-тан астам ел 63 негізгі құзыреттілік пен 1 ​​демонстрациялық құзыреттілік бойынша қатысып жатқанын атап өткім келеді», деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бөлісу:
Дина Афанасьева әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар