Аймақтар
1 мин оқу 230

Шу тұрғынынан есірткі мен атыс қаруы тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Полицейлер Шу қаласының тұрғынынан 125 келі есірткі мен атыс қаруын тәркіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қарасора-2022» және «Рефлекс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында Жамбыл облысы бойынша ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен ҚР Ұлттық ұланының арнайы бөлімшесінің әскери қызметкерлері Шу ауданы, Тарыайдаған аймағында қарасора жинау кезінде ауылдың 51 жастағы тұрғынын ұстады.

Жеке тінту және маңайдағы аумақты тексеру барысында ұсталған азаматтан жалпы салмағы 7 келіден асатын кептірілген марихуана, сонымен қатар 120 келі кептірілмеген марихуана анықталды. Сондай-ақ екі грамнан астам гашиш тәркіленді. Сондай-ақ оқталған 16-калибрлі, кесілген ұңғылы атыс қаруы, оған қосымша үш патрон және электронды таразы тәркіленді. 

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі заттарды аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді Жамбыл облысы ІІД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Бөлісу:
Шу тұрғынынан есірткі мен атыс қаруы тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар