Қазақстан
1 мин оқу 332

Иорданияда киіз үй тігілді

<p style="text-align: justify;">Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық деңгейдегі дипломатиялық базар аясында Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінде киіз үй құрылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақы киіз үйге Иордания ханшайымы Басма Бинт Талал арнайы келіп, бас сұқты.

Іс-шарада Иорданияда аккредиттелген 30-ға жуық дипломатиялық миссияның күшімен мәдениеттер мен этностардың әсерлі әртүрлігі ұсынылған.

Елшіліктің ұлттық кәдесыйларды сатуы арқылы жиналған қаражат Мабаррат Ум әл-Хусейн институтына берілді және Иорданияның тұрмысы нашар отбасылары балаларының білім беру қажеттіліктеріне арналған.

Бөлісу:
Иорданияда киіз үй тігілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар