Президент
1 мин оқу 494

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша азаматтарды&nbsp;Қазақстан Республикасының Құтқарушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

«Құрметті достар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының «Құт­қа­рушы күні» кәсіби мерекесімен құттықтаймын!

Сіздер өз өмірлеріңізді қа­терге тігіп, үнемі төтенше жағ­дайда жұмыс істеп жүрсіздер. Бұл мәртебелі міндетті абыроймен атқарып келесіздер.

Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап. Табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте сіздерге үлкен жауап­кершілік жүктеледі.

Халқымыздың игілігі мен табиғатымыздың құнды­лық­тарын түрлі қауіп-қатерден қорғап, бүгінге дейін мыңдаған адамның ғұмырын сақтап қалдыңыздар. Сондықтан ерен еңбектеріңіз ең жоғары бағаға лайық.

Сіздер алдағы уақытта да қызметтік борыштарыңызды мінсіз атқарып, ел алдындағы маңызды миссияны жал­ғас­тыра бересіздер деп сенемін.

Жауапты жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға аман­дық тілеймін!», делінген Президент құттықтауында.

Бөлісу:
Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар