Экономика
1 мин оқу 410

Өзбекстанмен арадағы тауар айналымы

<p style="text-align: justify;">Соңғы бес жыл ішінде елдер арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуі байқалады. Мәселен, 2022 жылдың бірінші жартысында айналым 2,6 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27,13%-ға жоғары. Соның ішінде экспорт көлемі 30,9%-ға, ал импорт 17,4%-ға өсті.</p>

Өзбекстанмен арадағы тауар айналымы

Екі ел арасындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын нығайып келеді. Елдер арасында туындайтын пра­ти­калық мәселелерді жедел шешу және екіжақты қатынастарды жандан­дыру үшін халық­аралық және үкіметаралық алаңдар құ­рыл­ды. Мәселен, 2017 жылдан бастап осы мақсатта Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесі құрылды. Онда Қазақ­стан тарапынан «Атамекен» ҰКП басшысы тең төраға болып саналады.

«Іскерлік кеңес аясында біз барлық мәселені тікелей пысықтай аламыз. Осы мәселелерді шешу іс­керлік ынты­мақ­тастықтың қарқынын арттыруға ықпал етеді», деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Төралқа төр­ағасы Райымбек Баталов.

Басты мәселелер – транзит тасымалы кезіндегі мөлшерлеме, сертификаттарды өзара тану, мақта шикізаты, жіп пен матаға баға, сонымен қатар еңбек күшінің көші-қон мәселесі. Осы және басқа да көптеген мәселе Қазақстан-Өзбекстан Іскерлік кеңесінің күн тәртібінде тұр.

р

Қазақстан Өзбекстанмен сыртқы сауда серіктестік бойынша үшінші (ҚХР және РФ-дан кейін) орында. Тауар айналымындағы үлес салмағы – 8,9%. Сыртқы сауда пала­тасының мәліметінше, Өзбекстанға Қазақ­станнан негізінен мұнай және мұнай өнімдері, бидай, ұн, күнбағыс тұ­қы­мы, қара және түсті металл, бей­ор­га­никалық химия өнімдері және азық-түлік тауарлары экспортталады.

Өзбекстаннан Қазақстанға энерготасымалдауыш құралдар, автомашиналар, мақта талшығы, химиялық өнімдер мен пластмасса, тыңайтқыштар мен азық-түлік өнімдері келеді.

Бөлісу:
Өзбекстанмен арадағы тауар айналымы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар