Оқиға
1 мин оқу 272

Семейде 8 жастағы қызды автокөлік қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Абай облысының Полиция департаменті қайғылы оқиға 18 қазан күні сағат 18:33-те болғанын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Lada автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, 2015 жылы туған қызды қағып кеткен. Қыз бала алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.

Осы факті бойынша ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзуы).

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы туралы және өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Бөлісу: