Президент
1 мин оқу 290

Президент Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысы жұртшылығымен кездесуі өтіп жатыр.

«Көрікті мекеннен есімі ел тарихына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыз шыққан. Бұл – ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел қорғаған Наурызбай, Райымбек батырлардың дүниеге келген жері. Бұл – Сүйінбай мен Жамбылдай ақындардың елі.

Нұрғиса Тілендиев, Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиев және Бердібек Соқпақбаев бастаған төл мәдениетіміздің біртуар тұлғалары да – осы өңірдің перзенттері. Бір сөзбен айтсақ, Алматы облысы – еліміз үшін айрықша орны бар аймақ», деді Президент.

Бөлісу:
Президент Алматы облысына жұмыс сапарымен барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар