Қазақстан
1 мин оқу 301

Тоқаев жұртшылықпен кездесу барысында бірқатар азаматты марапаттады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Алматы облысындағы жиында, ел алдындағы ерекше еңбегі үшін бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен Ұлттық қой өсірушілер одағы кеңесінің төрағасы Тынышбай Досымбеков;

«Құрмет» орденімен еңбек ардагері Виктор Иванович Волокитин;

«Ерлігі үшін» медалімен ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағы, Қонаев қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Қуаныш Қайыржанұлы Қайыржан;

«Ерлігі үшін» медалімен ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инженері Жасұлан Жақсылықұлы Нүсіпов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Оңтүстік агропаркі» ЖШС бас агрономы Қали Жетібайұлы Қаңтарбаев;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Абай ауылындағы №2 орта мектебінің директоры Бәтима Кәлпеқызы Нысанбаева;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің аға тілшісі Рәпбек Сәдуақасұлы Терлікбаев наградталды.

Бөлісу:
Тоқаев жұртшылықпен кездесу барысында бірқатар азаматты марапаттады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар