Қазақстан
1 мин оқу 412

Қалдықты сұрыптау кешені

<p style="text-align: justify;">&laquo;Жасыл даму&raquo; АҚ қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинаудың инфра&shy;құрылымын дамыту жобасы ая&shy;сында Өскеменде заманауи сұрыптау желісі іске қосылды. Кешеннің ресми ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, &laquo;Жасыл даму&raquo; АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов және Грекиянң &laquo;Sabo&raquo; компаниясының өкілдері қатысты.</p>

Қалдықты сұрыптау кешені

Қазақстанда алғаш рет іске қосылып отырған заманауи кешеннің жылына 100 мың тонна қалдықты сұрыптайтын мүмкіндігі бар. Автоматты сұрыптау жабдығының құны 2 660 000 еуроны құрайды. 2020 жыл­дың желтоқсанында сұрыптау желісін жеткізуге арналған үшжақты келісімге сәйкес құрылғы­ларды «Sabo» компаниясы – орнатушы, «ӨКМ Операторы» – қаржыландырушы және Өс­кемен қаласының әкімі жабдықтарды қа­был­даушы ретінде мәміле жасалған болатын.

Бүгінгі таңда «Жасыл даму» АҚ «ӨКМ Операторы» кезінде қолға алынған міндет­темелер кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Айта кету керек, тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мен сұрыптау жүйесін енгізу жобасының жол картасы аясында Өскемен қаласына 1 274 бірлік еуро контейнер, қалдық шығаруға арналған арнайы 6 техника сатып әперілген болатын.

Бөлісу:
Қалдықты сұрыптау кешені · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар