Аймақтар
1 мин оқу 571

Талдықорғанда есірткі өсірумен айналысқан тұрғын ұсталды

<p style="text-align: justify;">Талдықорғанда өз үйінде есірткі өсірумен айналысқан 34 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Ол жатын бөлмесін дәрі-дәрмек шығаратын фитолабораторияға айналдырған. 

«Есірткі зертхана көпқабатты үйдің екінші қабатында орналасқан. Тінту барысында гүл құмыраларына отырғызылған 10 түп марихуана анықталды. Күдікті бұрын-соңды жауапқа тартылмаған. Қазір тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді Жетісу облысы ІІД бастығының орынбасары Аян Исабеков.

Сонымен қатар полицейлер пәтердің келесі бөлмесін тінту кезінде белгісіз саңырауқұлақтарды тапты. Саңырауқұлақтар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Бөлісу:
Талдықорғанда есірткі өсірумен айналысқан тұрғын ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар