Аймақтар
1 мин оқу 192

Оралда екі баланың анасы көпірден секірмек болды

<p style="text-align: justify;">Бүгін таңертең Орал қаласының 41 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Әйелдің бұл іске баруына күйеуі екеуінің арасындағы жанжал себеп болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полицияға белгісіз біреулер хабарласып, әйелдің көпір бойында тұрғанын хабарлаған. Дереу әскер оқиға орнына  жіберіліп, мән-жай анықталған.

Алдымен «Орал» БПҚ қызметінің инспекторы Тынымгерей Амангелдиев пен оның серіктесі Нұрсұлтан Жаңабаев жеткен.

Олар көпірден өзін тастамақ болған әйелді көріп, оны қауіпсіз қашықтыққа шығарады. 

Әйел барлық мән-жайды анықтау үшін қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Ақпарат видео-нұсқада ІІМ-нің ютуб парақшасында жарияланды.

Бөлісу:
Оралда екі баланың анасы көпірден секірмек болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар