Футбол
1 мин оқу 461

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов өмірден озды

<div class="news-view-teaser" style="text-align: justify;">Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, Сұлтан Әбенов Қызылорда футбол мектебінің түлегі. Алғаш рет 17 жасында «Автомобилист» командасының сапында жасыл алаңда жарқылдап, жанкүйерлердің жүрегін жаулаған.

Сұлтан Мұрашұлы қызылордалық команданың қатарында КСРО чемпионатында 100-ден астам ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сонымен қатар алматылық «Қайраттың» сапында ойнады. 

Ойын мансабын аяқтаған соң «Қайрат» командасын басқарды. Әрі қарай партия мен дипломатия қызметіне ауысып, әр жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Мәжіліс аппараты жетекшісінің орынбасары, ҚР Президент әкімшілігінде қызмет атқарған.

Бөлісу:
Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов өмірден озды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар