Ауа райы
1 мин оқу 280

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жариялады. &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК ақпараты бойынша жауын-шашын, жел және тұман күтіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылорда облысының орталығында оңтүстіктен 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен батысында тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батыста 15-20 м/с дейін жел соғып, түнде екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 21 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Ал елдің шығысында қатты жаңбыр, қар, көктайғақ болады деп күтілуде. Республиканың оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Бөлісу:
Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар