Аймақтар
2 мин оқу 400

Қостанайда өрттен зардап шеккендер жақында баспаналы болады

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысының әкімдігі орман өрті кезінде баспанасынан айырылғандарға берілетін үйлердің бір архитектуралық стильде салынғанын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Әрбір тұрғын үйдің ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй құрылысына 16 мердігер ұйым тартылған. 

а

«Әр үйге 10 сотық жер бөлінген. Жобада 4 қонақ бөлме, жуынатын бөлме, сондай-ақ ас үй қарастырылған. Үй барлық инженерлік инфрақұрылыммен жабдықталған. Әр баспананың қуатты жеке қазандығы бар. Бұдан бөлек әр үйде септик бар. Үйлерге Wi-Fi да қосылады. Жабдықтардың ішінде газ плитасы мен су құбыры болады», деді Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.

а

н

Тұрғындардың демалуы үшін ашық спорт алаңдары да қарастырылған. 

«Ауданда футбол және волейбол алаңы, сондай-ақ балаларға арналған 3 ойын алаңын салу жоспарлануда. Бұрын ауданда мұндай алаңқайлар болған жоқ. Олардың құрылысын демеушілер қаржыландырып жатыр», деді Қостанай облысының әкімі  Архимед Мұхамбетов. 

а

Қазір үйлер құрылыс қоқыстарынан тазартылуда. Мұнымен қатар меншік құқығына құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. 

ы

Ал өрттен зардап шеккен отбасылар қоныс тойын асыға күтіп жүр.

Бөлісу:
Қостанайда өрттен зардап шеккендер жақында баспаналы болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар