Аймақтар
2 мин оқу 391

Шаңырақ шуағы – Шәмшия әже

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында &laquo;Мерейлі отбасы&raquo; сайысында Оспанұлы әулеті үздік деп танылды. Осы кезге дейінгі сайыста он баласы мен олардан өрген немере-шөберелерін 92 жастағы Шәмшия Бақова өзі бас&shy;тап шығып таныстырған болатын. &laquo;Алтын алқа&raquo; иегері Шәмшия әже Шалқар ауданы Қорғантұз орта мектебінде ұзақ жыл бойы кітапханашы болып қызмет атқарып, отағасы Оспан Бақов екеуі он бала өсіріп тәрбиелеген.</p>

Шаңырақ шуағы – Шәмшия әже

2009 жылы 78 жасында өмір­­ден озған әулеттің отағасы Ос­пан Бақов ұзақ жыл бойы Қорғантұз ор­та мектебінде мұғалім, мектеп директоры болып абыройлы еңбек еткен. Оспан мен Шәм­шия 1959 жылы шаңырақ кө­теріп, жар­ты ғасырдан астам уақыт бойы өмір­дің қиындығы мен қуанышын бірге бөліскен жандар.

Осы әулеттен өрген бес ұл, бес қыздың бәрі бүгінде бір-бір үйдің отағасы, отанасы атанып, еліміздің әр түкпірінде қызмет етіп жүр. Ғасырға жуық ғұмыр сүрген кейуана келіндерінің ақылшысы. Отбасылық шаруа­ларда ұлдары да анасының ақ ба­тасынсыз іс бастамайды. Ұлдары мен келіндері, қыздары мен кү­йеу балалары әулеттің ынты­мағы нығайып, берекесі артуына Шәмшия ана­ның ықпалы көп болғанын айтады. Кейуана әлі күнге дейін не­мере-жиендерінің қамқоршысы, немере келін­де­рі­нің кеңесшісі.

Бұл – мұғалімдер әулеті әрі қазақтың ән-күйін құрметтей­тін шаңырақ. Өйткені Шәм­шия әжей­дің төрт қызы мен бір ұлы мұға­лімдік мамандықты таң­­дап, осы салада абыройлы еңбек етіп жүр. Бір қызығы, Оспан әулетінің немерелері мен келін­дердің дені ұстаздық жол­­ды таңдапты. Оспан атай мен Шәм­шия әжейдің тұңғышы Ве­не­ра қазір зейнеткер ұстаз, қы­рық жыл мектепте абыройлы қыз­­мет атқарған. Одан кейінгі мұға­лімдер тізімінде Жа­дыра тұр, оның еңбек өтілі – 35 жыл, бастауыш сынып мұғалімі Анджела Оспанқызының еңбек өтілі – 28 жыл, Еділ Оспанұлының еңбек өтілі – 29 жыл, Әлия Оспан­қызынікі – 22 жыл.

«Мерейлі отбасы» байқауы­ның биылғы сайысында Оспанов әуле­­тінің үздік деп танылуына әсер еткен бірнеше себеп болды. Со­ның ішінде ең бастысы – осы әулет мүшелерінің сыйластыққа не­гізделген шынайы қарым-қа­ты­насы деуге болады. Кіші­сі-
­нің ересегін құрметтеуі, өз­ара жана­шырлық, ортақ іске жұмы­лу, ме­йірімділік пен ізгілік, отба­сы­ның жазылмаған қағидасы екен.

Ақтөбе облысы

Бөлісу:
Шаңырақ шуағы – Шәмшия әже · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар