Спорт
1 мин оқу 122

Жалғыз жүлде – жұбаныш

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Бұл күндері Испанияның Пон&shy;те&shy;ведра қаласында өтіп жатқан жас&shy;&shy;тар ара&shy;сындағы (U-23) әлем бі&shy;рін&shy;шілігін Қазақстанның грек-рим күресі ше&shy;берлері бір ғана жүлдемен қоры&shy;тын&shy;дылады.</p>

Жалғыз жүлде – жұбаныш

60 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан Олжас Сұлтан тұсаукесер кездесуінде әзер­байжандық Нихат Маммадлиге (0:5) есе жіберді. Қарсыласының финалға шығуының арқа­сында қандасымыз жұбаныш бел­десулеріне қатысу құқығына ие болды. Өз мүм­­кіндігін Олжас ұтымды пайдаланып, үн­діс­тандық Сумит Сутмит (8:0) пен Нур­мухам­­мет Абдуллаевтың (8:0) аяғын көктен кел­тірді. Нәтижесінде қазақ балуаны қола медальды мойнында жарқыратты. Дәл сондай мүмкіндік Мақсат Сайлауда да болды. 87 кило салмақта сынға түскен ол бастапқы белдесулерінде үнділік Кумар Сунил (4:0) мен ирандық Аболфази Әли Шоубаниді (9:4) шаң қаптырғанымен, жартылай финалда армениялық Геворг Тадевосянға (4:6) жол берді. Ал қола медаль үшін тартыста Мақсат нидер­­ландтық Марсель Стеркенбургтен (1:9) ой­сы­рай ұтылып, бесінші орынды қанағат тұтты.

Бөлісу:
Жалғыз жүлде – жұбаныш · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар