Экономика
1 мин оқу 182
Банктердің табысы 12% өсті
<p style="text-align: justify;">2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстандағы банктердің таза кірісі 11,8%-ға өсіп, 899,55 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Қазақстан Республикасының банктері 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 899,55 млрд теңге таза пайда алды, бұл 1 қыркүйектегі көрсеткіштен 11,8%-ға артық – 804 млрд теңге», делінген ресми сайтта.
2022 жылғы қыркүйекте банктердің салық төлегенге дейінгі таза пайдасы 1,079 трлн теңгені, кірісі - 96 трлн теңгені құрады.
Еске салайық, 2022 жылдың тамызында Қазақстандағы банктердің таза кірісі 19,7%-ға өсіп, 804 млрд теңгені құраған болатын.
Бөлісу: