Еңбек министрлігінің жаңа міндеттері пайда болады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы Үкімет қаулысына түзетулер әзірленді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Құжатқа сәйкес министрліктің екі жаңа міндеті пайда болады:
Тең мүмкіндіктер, толеранттылық қағидаттарын сақтауды және әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік белгілері бойынша құқықтарға нұқсан келтіруге жол бермеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарында этносаралық және өзге де кез келген кемсітушіліктің туындауының алдын алу;
Өтініш берушілер көтеретін жүйелік проблемаларды талдау және анықтау.
Түзетулер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022 жылғы 25 мамырдағы XXXI сессиясында берілген тапсырмаларын, сондай-ақ Үкіметке 2022 жылғы 27 шілдеде берілген тапсырмаларын орындау шеңберінде әзірленді.
Құжат 4 қарашаға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.