Оқиға
1 мин оқу 190
Ақтөбе облысында велосипедші қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«21 қазан сағат 00.35-те Темір ауданына қарасты Ақтөбе - Астрахань автожолының 175-ші шақырымында, Жақсымай ауылы маңында Шұбарқұдық ауылынан Қандыағаш қаласына қарай бағыт алған Lada 210740 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі 50 жастағы велосипедшіні қағып кетті», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.
Велосипедші алған жарақаттарынан жол-көлік оқиғасы орнында қайтыс болды.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу: