Әлем
1 мин оқу 616

Түркі мемлекеттері бір әліпбиге ауысуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Түркі мемлекеттеріне ортақ бірынғай әліпби жасау туралы ұсыныс Бурсада өткен семинарда талқыланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркияның Бурса қаласында «Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі семинарда»  Бірыңғай әліпби жасау жөнінде ұсыныс тастаған. 

Іс-шарада түркі мемлекеттерінің ғалымдары өз елінің тілі, әліпбиі және тарихи тілдік үдерістері жөнінде мағлұмат беріп, біртұтас әліпбиге көшудің маңызын айтқан. 

Түркі мемлекеттерінің ұйымы Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы 3 қазанда құрылған. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Ыстанбұлда орналасқан. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан ұйымға мүше болса, Венгрия мен Түркіменстан бақылаушы мәртебесіне ие.

Бөлісу:
Түркі мемлекеттері бір әліпбиге ауысуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар