Өнер
1 мин оқу 520

Сезімді тербеген Секен күйлері

<p style="text-align: justify;">Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, &laquo;Құрмет&raquo; және &laquo;Парасат&raquo; ордендерінің иегері Секен Тұрысбектің &laquo;Көңіл толқыны&raquo; атты шығармашылық кеші өтті.</p>

Сезімді тербеген Секен күйлері

Қазір қазақ даласында Секеннің «Көңіл толқыны» күйі ойнамайтын күн кемде-кем шығар. Атақты туындысын күйші 24 жасында жазыпты. Одан кейін «Ақ жауын», «Аруана», «Өкініш» сынды бірнеше күй топтамасы жа­рық көрді. Осы жолғы кешін «Ұлы дала» атты туындысымен ашқан күйші «Ақ­жайлау», «Ерке құсым», «Жазғы қар», «Асыл ана» күйлері мен басқа да шығармаларын күмбірлетті. Автор шығармаларын Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық фи­лармониясының Қазақ оркестрімен бірге орындады. Қазақ оркестрінің бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, «Парасат» ордені­нің иегері, профессор Айтқали Жайымов.

«Бұл кешімді Республика күніне арнаймын» деген автордың «Күлтегін», «Көк бөрі», «Дарабоз» атты күйлері бір төбе. Сонымен қатар кеш қонақтары үшін «Құрмет» орденінің иегері Жанар Жү­сіпова «Төлегетай баба» күйін тартса, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Қиылымхан «Асыл ана» әнін салды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайыржан Берді­байдың орындауында Абайдың өлеңіне жазылған «Мен бір жұмбақ адаммын», Гүлмира Саринаның орындауында «Қо­ңыр жел» және өзге де туындылар шыр­қалды.

Секен Тұрысбектің күйлері кезінде Жапония мен Қытайда, Франция мен Ита­лияда халықтың ерекше ықы­ласына бөленгені белгілі. Күйшінің бірнеше шығар­масын қазақ көркем фильм­дерінен тыңдауға болады, соның ішінде «Батыр баян» фильмінің музыкасы Секен күйлерімен сүйемелденген.

Бөлісу:
Сезімді тербеген Секен күйлері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар