Спорт
1 мин оқу 224

Кубок кімге бұйырады?

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстан кубогі жо&shy;лын&shy;дағы жарыстың финалына шыққан командалар белгілі болды.</p>

Кубок кімге бұйырады?

Жартылай финал ойындарының қоры­тындысы бойынша «Ақжайық» пен «Орда­басы» Қазақстан кубогін сарапқа салатын болды. Алғашқы ½ финал матчында жасыл алаңға шыққан Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Тараздың» тас-талқанын шығарды – 5:3. Екінші ойында Шымкенттің «Ордабасы» клубы елордада «Астананы» тізе бүктірді. «Астана Аренада» өткен кездесуде қонақтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

«Ақжайық» пен «Ордабасы» арасындағы Қазақстан OLIMPBET-кубогінің финалы 12 қарашада өтеді. Дегенмен әзірге ойынның қай қалада ұйымдастырылатыны белгісіз. Айта кетейік, Қазақстан кубогінде топ жар­ған команда келесі жылғы Еурокубок ойындарына жолдама алады.

Бөлісу:
Кубок кімге бұйырады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар