Теннис
1 мин оқу 142
Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР рейтингінде 158-орын) Кокимбодағы (Чили) турнирінде сәтті өнер көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ширек финалда Скатов топ жарған аргентиналық Федерико Кориямен (71-ші) кездесіп, оны үш сетте – 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді. Челленджердің жартылай финалында қазақстандық теннисші тағы бір аргентиналық теннисшімен, 1/4 финалда итальяндық Марко Чекчинатоны (98-ші) жеңген Факундо Диас Акостамен (228-ші) ойнайды.
Кокимбо турнирінің жүлде қоры 53 120 долларды құрайды. Жеңімпаз 7200 доллар ұтып, 80 рейтингтік ұпайға ие болады.
Бөлісу: