Ақсу қаласында балабақша қызметкері балаларды ұрып-соққан
<p>Павлодар облысының балабақшаларының бірінде балаға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша тексеру басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
21 қазан күні Ақсу қаласының полициясына кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінен балаларға дене жарақатын келтірген №12 балабақшаның тәрбиешісіне қатысты шара қабылдау туралы ұжымдық өтініш келіп түсті.
«Осы өтініш бойынша полиция тексеруді бастады. Бейнежазбалар алынды. Қарау кезінде балабақша қызметкері кәмелетке толмағандарды ұрып-соққаны анықталды. Аталмыш факті бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 44 жастағы тәрбиешіге қатысты ҚР ҚК-нің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп жазылған Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ тексеру нәтижелері мектепке дейінгі мекеменің басшысына қатысты тәртіптік шара қабылдау үшін облыстық білім басқармасына жіберілетін болады.