Оқиға
1 мин оқу 403
Мемлекеттік қорық аумағында балық аулаған ер адам ұсталды
<p style="text-align: justify;">Ақмола полицейлері мемлекеттік қорық аумағында балық аулаған ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
21 қазанда Қорғалжын мемлекеттік қорығының аумағында Есей көлінің маңында 22 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Mitsubishi автокөлігі тоқтатылды.
Автокөліктің багажын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 2 қап балық пен 2 резеңке қайық тауып алды.
«Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің «Балық ресурстарын заңсыз өндіру» бабы бойынша тіркеді, тексеру жүргізілуде», деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.
Бөлісу: