Оқиға
1 мин оқу 330

Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">22 қазан күні сағат 15:00 шамасында&nbsp; Сағыз - Миялы облыстық тас жолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Toyota Ipsum көлігінің 3 жолаушысы және Lada Granta автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізген.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнында  қызмет атқаруда. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды», деді Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Макеев.

Бөлісу:
Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар