Қазақстан
1 мин оқу 400

Мешітте ұрлық жасаған жігіт ұсталды

<p style="text-align: justify;">Астана мешіттерінде ұрлық жасаған жігіт анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қала тұрғыны полицияға намаз оқып жатқан кезде ұялы телефонын ұрлағанын айтып, шағым түсірген.

Ер адам смартфонын бір бөлмеге қуаттау үшін қойған. Полицейлер видеобақылау камерасын қарап, күдіктіні анықтады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 27 жастағы Қостанай облысының тұрғынын ұстады. Күдікті 150 мың теңгелік телефонды алып-сатарларға сатып үлгерген. Полицейлер мешіттегі тағы екі ұрлық ісіне қатысы барын анықтады», деді полициядан.

Ер адам кінәсін мойындады, ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Бөлісу:
Мешітте ұрлық жасаған жігіт ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар