Ақмола облысының полицейлеріне 47 көлік берілді
<p style="text-align: justify;">Республика күні қарсаңында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Полиция департаментінің қызметкерлеріне көлік кілттерін табыстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz. </a></p>
«Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен автопаркте 47 жаңа көлік пайда болды, оның ішінде 40 «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлігі бар. Оның 30-ы құқық қорғау органдарының негізгі буыны - халықпен тікелей жұмыс жүргізетін патрульдік полиция бөлімшелері мен учаскелік полиция инспекторларына арналған. Осы маркадағы тағы 10 автокөлік стандартты түрде әртүрлі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін ведомствоның жедел қызметтеріне берілетін болады. Сонымен қатар «Jac» маркалы 5 автозакты айдауыл қызметінің бөлімшелері алды. Жаңа автокөліктердің кілттері салтанатты түрде арнайы жедел әрекет ету жасағына табысталды», деп жазды ІІМ ресми сайты.