Қазақстан
1 мин оқу 212

Елордада ақша бопсалаған адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Астанада ақша бопсалаған қылмыскер ұсталды, деп&nbsp; хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ-нің телеграм арнасына сілтеме жасап.</p>

Түнгі уақытта астаналық азамат үйіне қайтып келе жатқан кезде оған белгісіз біреу жақындап, ақша талап ете бастаған. Жігіт ақша беруден бас тартса да, күдікті тынышталмай, соңынан еріп, кіреберісте оны ұра бастаған. Баспалдақтағы қатты айқайларды естіген көршісі пәтерінен шығып, тонаушыны қорқытып жіберген. Шабуылдаушы жәбірленушінің қолынан  сөмкесін жұлып алып, қаша жөнелген. Алайда далада полицейлердің қолына түсті.

Ұрланған рюкзак иесіне қайтарылды. Ұсталған адам бұрын сотталған 26 жастағы қала тұрғыны екені анықталды.

Мас күйде болған күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. 


Бөлісу:
Елордада ақша бопсалаған адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар