Шекарадан заңсыз өтпек болған шетел азаматтары ұсталды
<p style="text-align: justify;">Қырғызстаннан Қазақстанға шекараны заңсыз кесіп өткен төрт шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«22 қазанда «Жасөркен» шекара басқармасының учаскесінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметкерлері мен Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына дейінгі мемлекеттік шекара ережелерін бұзған төрт шетелдік азаматты ұстады», делінген хабарламада.
ҰҚК хабарлағандай, аталған факті бойынша құзырлы органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.