Аймақтар
2 мин оқу 570

Көк байрақтың бәсі биік

<p style="text-align: justify;">Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада осы ұжымның мүшелерінің күшімен дайындалған &laquo;Қазақстан &ndash; көк байрақты нұрлы ел&raquo; атты Республика күніне арналған мәдени шара өтті. Оған облыстың ардагерлер алқасының мүшелері, мемлекеттік және Ұлттық ұлан қызметкерлері, студенттер мен курсанттар, мектеп оқушылары қатысты.</p>

Көк байрақтың бәсі биік

Алғаш болып сөз алған об­лыстағы байланыс саласы­ның ардагері, облыстың Құрмет­ті азаматы Тілек Әбдірахманов Республика күнінің маңызына тоқ­талды. Алдымен ол Алаш қай­раткерлерінің Қазақстанды жеке ел қылуға тырысқан қоғам­дық-саяси еңбектері туралы айтты. «1918 жылы 2 сәуірде Алаш­орданың төрағасы Әлихан Бө­кейханов, мүшелері Халел Ғаб­басов және Әлімхан Ермеков үшеуі В.Ленинмен, содан кейін ұлт істері халық комиссары И.Сталинмен сөйлеседі. Қа­зақ автономиясы туралы мәсе­лені шешуді сұрайды. Ленин­нің өмірбаянында «1918 жыл­дың сәуір айының 2 жұл­ды­­­зында Ленин мен Сталин «Алаш Орда» үкіметінің өкіл­дері Ә.Бөкейхановпен, Х.Ғаб­ба­совпен, Ә.Ермековпен сөй­лесті», деп жазылған екен. Онда автономияның шека­ра­сы да қарастырылған. Мәскеу Алаш­орданы үкімет ретінде мо­йын­даған және олардың ұсы­ныс­тарының дұрыстығына мойын қойған», деді. Белгілі алаш­­танушы, филология ғылым­дарының докторы Тұрсын Жұртбай да осы пікірді де­рек­ті құжаттар­мен дәлелдеп жаз­ған еді. Атап айтқанда, ол 1919 жылы Қазақ автономия­сына берілетін жер туралы Ұлттар жөніндегі Халық комиссариатында Әлімхан Ермеков Астрахан, Орал, Торғай, Ақ­мола, Қызылжар, Семей, Сыр­дария, Каспий сырты, Самарқан, Фер­ғана облысы мен губер­ния­ларын қамтитын жал­пы кө­лемі 3 467 922 шаршы ша­қы­рым жер­ді Қазақ рес­пуб­ли­ка­сының құрамына беруді ұсын­ғанын, көрсетілген жердің 81%-ын жан саны 5,5 миллион болатын қазақтар пай­да­­ла­натынын, бұл бүкіл тұр­ғын­­дардың 54%-ы еке­нін атап көрсеткенін айтады. Сол жи­на­­лысқа қатысқан Әлихан Бө­кей­­ханов кейіннен: «Мен сен сөй­леп отырғанда көтеріліп-ба­сылған жанартаудың үстін­­де отырғандай болдым. Сөйле­гендегі жалының бетімді шарпыды», деп Ермековке риза бол­ған екен.

Еліміздің осындай жанашыр­ларының еңбегін ұмытпауы­мыз керек дей келіп Тілек Әйтім­ұлы, Қазақ жерінің бір бөлігін Ресей Федерациясына қосуды қа­лаған әпербақан Н.Хрущевтің саясатына қарсы шыққан Жұма­бек Тәшеновтің де еңбегін атап өтті. «Осындай ардақтыларымыз болмаса қазақ жерінің бүгінгі кеңдігі сақталып, халқымыз­дың игілігінде болмас еді. Сондық­тан олардың еңбегін ешқашан ұмытпауымыз керек. Олардың ісі мен өмірін жас ұрпаққа үлгі етуіміз керек», деді ол.

Шығып сөйлегендердің ара­сында болған байырғы ұстаз Қымбат Исманова пат­риот­тық тәрбие мәселелеріне тоқ­тал­ды. «Республика күні – жас­тар­ды отаншылдыққа, мем­ле­­кет­шілдікке тәрбиелеудің ұйыт­қы­сы болу керек. Өкінішке қа­рай, осы мәселелер бізде соң­ғы жылдары кемшін қалып ба­ра­ды. Егер олар өзінің тиісті дәре­жесінде жүргізілсе, бәлки «Қаңтар оқиғасында» елдің ты­ныштығы мен тұрақтылығына қарсы шығушы жастардың саны да аз болар еді», деді ол. Со­нымен бірге қарт ұстаз мем­ле­кеттік герб пен тудың түстері және ондағы суреттер туралы да мұғалімдердің тәрбие сағат­та­рында түсіндірмелері болмай­тындығын да атап өтті.

Салтанатты жиын ән-күймен ажарланып, жиналғандардың көңілін көтерді.

 

Петропавл

Бөлісу: