Жаңалықтар
1 мин оқу 430

Хоккей. Әлем чемпионаты. Бүгін – жартылай финал

Par7887686

АСТАНА. 24 мамыр. Бұрнағы күні түнде Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатының  ширек финалдық ойындары толық ойналып бітіп, жартылай финалға жолдама алған командалардың аттары белгілі болды. Бұл туралы Чемпионат.Ру хабарлады. Мамырдың 22-і күні күнді3 Ресей құрамасы Францияны 3:0 етіп ұтса, чехтар АҚШ командасын 4:3 етіп тізе бүктірді. Ал түнге қарай Финляндия Канаданы, Швеция Беларусьті 3:2 етіп жеңіп шықты. Енді бүгін ойналатын жартылай финалдық кездесулерде Ресей – Швеция, Чехия – Финляндия күш сынасады. Үшінші орын үшін талас пен ақтық ойын ертең өтеді. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат.Ру. Фото: Чемпионат.Ру.
Бөлісу:
Хоккей. Әлем чемпионаты. Бүгін – жартылай финал · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар