Аймақтар
1 мин оқу 231

Түркістанда қатты нөсер салдарынан екі жасар бала көз жұмды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін Түркістан облысында сағат 01:00-ден 7:00-ге дейін қатты жаңбыр жауды. Оқиға салдарынан екі жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазығұрт ауылында үйдің ауласында 2020 жылы туған бала қайтыс болған. Ересектердің қарауынсыз қалған бала жаңбыр суымен толтырылған шұңқырға құлап, суға батып кеткен.

Сондай-ақ ведомство жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басқаны жөнінде хабарлады. Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш облыстарында 13 бас мал қырылды.

Қазір су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

М

Жағдай облыс әкімдігі мен ТЖ департаментінің бақылауында.

Бөлісу:
Түркістанда қатты нөсер салдарынан екі жасар бала көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар