Мультимедиа
1 мин оқу 565

TikTok қосымшасы қазақ тілінде қолжетімді болады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">TikTok қосымшасы қазақ тіліне аударылады. Сондай-ақ осы жылдың күзінде сервис Астана және Алматы қаласында екі өкілдігін ашады. Бұл туралы Astana media week апталығында Tik Tok Қазақстан Бас директоры Анастасия Панина хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Анастасия Панина Қазақстанда шығармашылық аудитория көп екенін атап өтті.

«Біз TikTok-та жаңа контент жасайтын көптеген музыканттарды, жас аналарды, балаларды көреміз. Әлеуметтік платформа ретінде қоғамға жақын болғымыз келеді. Сондықтан осы күзде Қазақстанда өкілдік ашамыз. TikTok-тағы контентті барынша қызықты әрі пайдалы ете отырып, білім беру ұйымдарымен, мемлекетпен бірлесіп, пайдалы әрі қызықты жоба ұсынып, тиімді жұмыс жасайтынымызға қуаныштымын», деп атап өтті ол.

Бөлісу:
TikTok қосымшасы қазақ тілінде қолжетімді болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар