Саясат
1 мин оқу 325

Қоғамдық штаб жұмысымен танысты

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабқа барып, үгіт-насихат және талдау орталықтары, қоғамдық қабылдау бөлмесі, медиа штаб, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығы, байқаушылар штабы мен жастар алаңының жұмысымен танысты.</p>

Қоғамдық штаб жұмысымен танысты

Қоғамдық штабтың құрамына 474 адам енген. Олардың қатарында Халықтық коалицияға біріккен ұйымдардың белгілі азаматтары, ғылыми-сарапшылық қа­уым­дастық өкілдері, Парламент депутаттары, жастар бар. Еліміздің әр өңірінде 226 штаб құрылып, 6 мыңнан астам адам қызмет
етеді.

Штаб мүшелері 200-ден астам елді мекенді аралап шығуды жоспарлап отыр. Осылайша, республикалық және өңірлік штабтар 52 мыңнан астам іс-шара өткізбек. Үгіт-насихат жұмыстарына Халықтық коалицияның 7,5 мың белсендісі тартылған. Сондай-ақ 30 мың сенімді өкіл тіркеліп, сайлау күні барлық учас­кеде жұмыс істеу үшін 20 мыңға жуық бақылаушы дайындалды.

Республикалық және өңірлік қоғамдық штабтардың жұмысы туралы ақпаратты тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев барлығына сенім артқаны үшін алғыс айтып, өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Бөлісу:
Қоғамдық штаб жұмысымен танысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар