Саясат
1 мин оқу 212

Зиянды әдеттен арылту маңызды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова нашақорлық, құмар ойындар, маскүнемдік сияқты әлеуметтік мәселелердің қоғамда кеңінен таралуына жол беруге болмайды деп санайды. Бұл туралы кандидат елордада құқық қорғаушылармен кездесу барысында айтты.</p>

Зиянды әдеттен арылту маңызды

Кездесуге қатысушылар кандидаттың сайлау­алды бағдарламасы аясында әлеуметтік салада жүзеге асыруды жоспарлап отырған реформалары туралы сұрақтарын қойды. Құжаттағы негізгі бес бағыттың бірі осы тақырыпқа арналғанын айта кеткен жөн. Мәсе­лен, кандидат азаматтық қоғам институттарының тиімді жүйесін құ­руға және қоғамдық бақылауды күшейтуге ден қоюды көздеп отыр.

С.Тұрсынбекова «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасымен жұмыс істеу барысында шалғай ауылдарға жиі барғанын атап өтті. «Адамдармен тікелей сөйлескенде ғана олар өздерінің шынайы мәселелері туралы айта бастайды. Менің мақсатым – осындай мәселелерді шешу. Мысалы, нашақорлық пен қоғамның маскүнем­дігі. Синтетикалық есірткі қолданатындар жиілеп кетті. Қазір­дің өзінде 9 жастан 12 жасқа дейінгі балалар Telegram арналарында оларды қайдан және қалай табуға болатынын тез біле алады. Зерт­теулерге сәйкес, бала бірнеше сағатта мекенжайларды таба алаты­нын естігенде таңғалдық. Қазір осы мәселемен күрес өте төмен деңгейде жүруде», деді ол.

Бөлісу:
Зиянды әдеттен арылту маңызды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар