Қоғам
1 мин оқу 240

Ауласында атып кетті

<p style="text-align: justify;">Павлодар қаласында қайғылы жағдай болды. Академик Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында зейнеткер 40 жастағы азаматты атып өлтірді. Дереккөздерінің хабарлауынша, күдікті жан тапсырған жігіттің қайын атасы екен.</p>

Ауласында атып кетті

Оқыс оқиға академик Сәт­ба­ев көшесі, 40 мекенжа­йы бойын­ша орналасқан көп­қабатты тұрғын үйдің ауласын­да болған. Қай­ғы­лы оқиға тура­лы куәгерлер хабарлаған. Об­лыстық жедел жәрдем стансасында ер адамның қай­тыс болғанын растады. «Оқ жа­ра­қаты туралы хабарлама 15 қазан күні, сағат 11:43-те түсті. Жедел жәрдем бригадасы шұ­ғыл­­­дықтың бірінші санаты бо­йынша шығып, алты минутта жетті», деп хабарлады жедел жәр­дем стансасының баспасөз қызметі. Дәрігерлер 40 жастағы ер адамның жан тапсырғанын анық­таған. Оқ ішіне тиіпті.

Павлодар қаласындағы сол­түс­тік полиция бөлімінің бас­тығы Бекзада Бөлежановтың хабарлауынша, оқиға орнынан ізін суытып үлгерген күдіктіні жедел іздестіру шаралары жүргізілген. Нә­тижесінде, полицейлер күдік­тіні Павлодар – Омбы тас жолында тоқтатып, қолға түсірді. Ол «Тойота Камри 70» көлігіне отырып, қаладан аулаққа қашып кетуге әрекеттенген болуы керек. Құқық қорғау органдары қыз­меткерлеріне мойындау түсі­ніктемелерін берді. Аталған факт негізінде Қылмыстық кодек­стің 99-бабы бойынша сот­қа дейінгі тергеу басталды. Күдік­ті Павлодар қаласындағы уа­қыт­­ша ұстау оқшаулағышына қамалып, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Ұс­тал­ған азаматтың жасы – 67-де, ол қа­й­тыс болған азаматтың қа­йын атасы екен.

ПАВЛОДАР

Бөлісу:
Ауласында атып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар