Қоғам
1 мин оқу 354

Пәтер ұрлығы азайды

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысында пәтер ұрлығы едәуір азайған. Жергілікті полицейлердің айтуынша, ұрлықтың алдын алуда кәсіби күзет қызметі мен бейнебақылау камераларының көмегі зор.</p>

Пәтер ұрлығы азайды

Күзет қызметін бақылау бөлі­мінің бастығы Руслан Даньяровтың айтуынша, адам­дардың басым бөлігі тұр­ғын үйді қылмыстық қолсұғу­шы­лық­тан қорғау тәсілдері тура­лы біле бермейді. Облыста мұн­дай қызметті 14 жеке күзет құ­рылымы көрсетеді екен. Олар қыз­меттерін қолжетімді етуге тырысады, көбі пәтерлерді бел­гі­лі бір мерзімге күзетке алуға дайын, мәселен, еңбек демалысы кезеңінде.

– Пәтер ұрлығының санын азайту – Солтүстік Қа­зақстан облысы полиция де­пар­таментінің 2021-2023 жыл­дарға арналған мүлікті қорғау жөніндегі бағдар­ламасының маңызды бағыт­тарының бірі. Оны жүзеге асыру шеңберінде халықпен ақпа­рат­тық жұмыс жүргізіледі. Қазіргі уақытта облыста 1 173 пәтер мен үй кү­зетілуде, олардың 1 151-і орта­­лықтандырылған бақылау пультіне қосылған. Аталған объек­тілерде бірде-бір пәтер ұр­­лығы тіркелген жоқ, – деді Руслан Даньяров.

Криминалдық полиция қыз­­меткерлері Солтүстік Қазақ­с­тан облысында пәтер ұрлы­ғы­ның азайғанын атап өтті. 9 айдың ішінде осындай 290 қыл­мыс тіркелген, оның ішінде ауыр санаттағы (заңсыз кіру­мен байланысты) – 84. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 391 пәтер ұрлығы тіркелген, оның ішіндегі 91-і ауыр санатқа жатады. Ұрлықтың азаюы – 25,8 пайыз, пәтер ұрлығының ашылуы 79,3 пайызды құрады. Полицейлер мүмкіндігінше кәсіби күзетшілердің қызметін пайдалануға, көппәтерлі үйлер­дің кіреберісі мен аулаларда бей­не­бақылау камераларын орна­туға, мықты құлыптарды пай­далануға, бірінші қабаттағы тұрғындарға терезелерге темір торларды орнатуға кеңес бере­ді.

Бөлісу:
Пәтер ұрлығы азайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар