Футбол
1 мин оқу 166

Тағы төрт клуб плей-оффта

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі бесінші турдың алғашқы ойын күнінен кейін тағы төрт команданың плей-оффқа шыққан белгілі болды.</p>

Тағы төрт клуб плей-оффта

Атап айтқанда, Е тобында өнер көрсетіп жатқан Англияның «Челсиі» сырт алаңда «Зальцбургті» (2:1) жеңіп, бірінші орынмен 1/8 финалға жолдама алды. Бұл топтағы екінші жолдаманы соңғы турда «Милан» мен «Зальцбург» сарапқа салады. G тобындағы «Бо­руссия Д» өз алаңында «Манчестер Си­тимен» тең ойнап (0:0), екінші орынмен плей-оффқа шықты. «Сити» келесі кезеңнің мәсе­лесін төртінші турда-ақ шешіп тастаған болатын.

Н тобында да келесі айналымға өткен командалар толық белгілі болды. Өз алаңында «Ювентусті» 4:3 есебімен жеңген «Бенфика» мен «Маккабидің» қақпасына жеті гол соққан (7:2) ПСЖ плей-оффқа шықты.

Бөлісу:
Тағы төрт клуб плей-оффта · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар