Қоғам
1 мин оқу 195

Астана-Павлодар бағытында әуе рейстері ашылады

<p style="text-align: justify;">1 қарашадан бастап Астана-Павлодар бағытындағы тікелей әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мемлекет басшысының Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Астана-Павлодар бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін ашу тапсырылған болатын. Осыған орай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тиісті жұмыстарды жүргізді.

Нәтижесінде биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап «Qazaq Air» авиакомпаниясы аптасына 4 рет жиілікпен әлеуметтік маңызы бар Астана-Павлодар авиамаршрутын іске қосты. Аталған бағыттағы билеттер құны 10 мың теңге көлемінде, сатылым бүгін басталады.

Бөлісу:
Астана-Павлодар бағытында әуе рейстері ашылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар