Қоғам
1 мин оқу 730
Қаңтар оқиғасы: терроризмге тартылғандардың арасында шетелдіктер бар ма
<p style="text-align: justify;">Қаңтар айында орын алған араңдатушылық оқиғалар бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтар жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша 26 қылмыстық іс қаралуда, мұндай топтардың 24 мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сондай-ақ 46 адам терроризм мен экстремизм үшін сотталады», деп жауап берді Әсет Шындалиев тілшілердің сұрақтарына.
Спикер терроризм мен экстремизмге тартылғандардың арасында басқа мемлекеттердің азаматтары да бар екенін қоса айтты.
Бөлісу: