Аймақтар
1 мин оқу 390

Жаңаөзенде ауқымды жобалар іске асырылуда

<p style="text-align: justify;">&laquo;Баршаға мүмкіндік&raquo; қоғамдық қорының бастамасымен, Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлер қауымдастығы, спорт мекемелері мен жаттықтырушылар бірлестігі, қала әкімдігі қолдауымен Жаңаөзен қаласында &laquo;Әділетті қоғам &ndash; Баршаға мүмкіндік&raquo; ұраны аясында арнайы жобалар басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қоры Жаңаөзен қаласында 2022 жылдың маусым айынан бастап қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға кіріскен. Қор қала ішінде түрлі салалар бойынша жиналған бірнеше мәселені шешуді көздейді. Атап айтқанда, ауыз су мәселесі, кәсіпкерлік пен бұқаралық спортты дамыту және қала тұрғындарына арналған мәдени-қоғамдық шаралар ұйымдастыру.

«Жаңаөзен қаласы еліміздің батысындағы халқы тығыз орналасқан бірден-бір қала. Қала халқының әлеуеті талай керемет жобаларды жүзеге асыра алатынына және қаламыздың өркендеуіне тұрғын ретінде, кәсіпкер ретінде үлес қосу азаматтық борыш деп санаймын» дейді кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі, «Әділетті қоғам – Баршаға мүмкіндік» ұраны аясындағы жобалардың ұйымдастырушысы, Korkem Alem компаниясыны басшысы Темір Сәкенұлы.

Бөлісу:
Жаңаөзенде ауқымды жобалар іске асырылуда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар