Елорда
1 мин оқу 410
Елордада «Үздік жас отбасы» байқауына өтінім қабылдана бастады
<p style="text-align: justify;">Астана қаласында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында «Үздік жас отбасы» байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.</p>
Конкурсқа 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар (ерлі-зайыптылардың бірі 29 жасқа толмаған болуы керек) қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – жас отбасылар арасында мәдениет, салт-дәстүр мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайту.
Конкурстың міндеттері:
- дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және отбасына деген жауапкершілікпен қарауды насихаттау;
- жастар арасында ұлттық, мәдени дәстүрлер мен отбасылық әулеттерге құрмет;
- жас отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру;
- салауатты отбасылық демалысты ұйымдастыру;
- отбасылардың шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу;
- жас отбасыларға қолайлы көңіл күй сыйлау;
- мәдени мұраны және қоғамның үздік дәстүрлерін сақтау.
Отбасылар келесі жүлделерге ие бола алады:
- 1 орын – 500 000 тг
- 2 орын – 350 000 тг
- 3 орын – 250 000 тг
Өтініш беру үшін Telegram мессенджері арқылы 8777 010 4240 нөміріне келесі құжаттарды жіберу қажет.
- Сканерленген неке туралы куәлік.
- Сканерленген ерлі-зайыптылардың екеуінің жеке куәлігі.
- Байланыс мәліметтері.
- Instagram аккаунты.
- «Неліктен біз бұл сайыста жеңіске жетуіміз керек» тақырыбына бейнеролик.
Бөлісу: