Өнер
1 мин оқу 1,002

Ауыл суретшісінің галереясы

<p style="text-align: justify;">Индер ауданының Бөдене ауылында Тілек Халин деген суретші тұрады. Мәскеудегі өнер институтында қашықтан білім алған. Бала күнінен қылқаламды серік еткен.</p>

Ауыл суретшісінің галереясы

Қазір жасы жетпістен асты. Бірақ әлі де сурет салады. Оның жеке қорында 100-ден астам картина бар. Ауылдағы орта мектепте бейнелеу пәнінен дәріс берген суретші өлең де жазады. Осы кезге дейін бес кітабы жарық көрді.

Алты жыл бұрын өзі тұ­ратын ауылында галерея­сын ашып, оған 70-тен аса картинасын қойды. Сурет­шінің туындылары тек өз ауылына ғана емес, Түркия, Италия, Германия секілді шетелдерге та­ны­мал. Ал өзі кезінде Мәс­кеу­де өткен бүкілодақтық шы­­ғар­машылық конкурстың лауреаты атанған.

– Елордадан алыстағы елді мекендер ұлы дала­мыз­дың бір бөлшегі ғой. Мен­де алаңсыз жұ­мыс істей­тін жеке шебер­хана жоқ. Ұлы даламыз алып шеберхана се­кілді болып кө­рінеді, – дей­ді Ма­хамбет сый­лы­ғының лауреаты Тілек Халин.

Суретшінің арманы – қазақтың атын, өзі тұратын Бөдене ауы­лын әлемге таныту. Галереясын заң­дас­тырып, шаң басқан туындыларын жұртшылыққа кеңінен та­ныс­тырғысы келеді.

– Біздің ауылдың жанында үлкен тоғай бар. Суретші сол то­ғайды айнытпай бейнелеген кар­­тинасын «Талөткел» деп атаған. Галереяға келген сайын сол кар­тинаға қа­рап, суретшінің шебер­лігіне тамсанамын, – дейді ауыл тұр­ғыны Роза Сатаева.

п

нп

а

Атырау облысы

Бөлісу:
Ауыл суретшісінің галереясы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар