Саясат
1 мин оқу 270

Әлеуметтік мәселеге ден қойды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажы&shy;кен үгіт-насихат науқаны аясында Жезқазған мыс балқыту зауы&shy;т&shy;ы&shy;на барды. Кандидат анод бөлімшесінің жұмысшыларымен кез&shy;десіп, сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды.</p>

Әлеуметтік мәселеге ден қойды

Сондай-ақ ол қызметкерлер­дің сұрақтарына жауап берді. Металлургтердің көпшілігі зиян­ды өндіріс орнында жұмыс істейтіндіктен, ерте зейнетке шығу мәселесін көтеріп, «қауіпті кесте» ұғымын қайтару қажеттігін атап өтті. Кездесу соңында зауыт қызметкер­лері сайлауалды додада сәттілік тілеп, кандидатқа жұмысшы­лар кәсіподақтары бірлігінің белгісі ретінде касканы табыс етті.

Металлургтермен кездесуден кейін кандидат Мейрам Қажы­кен «Адал еңбек KZ» ЖШС-на барды. Бұл компания «Қазақмыс» корпорациясының бастамасымен кәсіпорындар­да еңбек жарақатын алған адамдарды жұмысқа орналас­тыру мақсатында құрылған ұйым. Кездесу барысында үміткер компания басшылығымен және белсен­д­ілерімен танысты. Мұнда қыз­меткерлер ерекше қа­жет­тіліктері бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесіне ден қойды.

Естеріңізге салсақ, Жезқазған мыс балқыту зауыты 1971 жылы ақпанда пайдалануға беріл­ді. Зауыттың жобалық қуаты – жылына 200 мың тонна катодты мыс өндіреді. Ал «Адал еңбек KZ» ЖШС 2015 жылы Жезқазған қаласында компания кәсіпорындарында еңбек жарақатын алған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында құрылғанын атап өткен жөн.

Бөлісу:
Әлеуметтік мәселеге ден қойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар