Аймақтар
1 мин оқу 193

Қостанайлық полицей алаяқтық бабы бойынша ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қостанайлық полицей алаяқтық жасағаны үшін 4 миллион теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Жергілікті жаңалықтар порталының мәліметінше, полиция қызметкері жүргізуші куәлігін алуға тәжірибелік және теориялық емтихан тапсыруға көмектескені үшін жәбірленушілерден 441 мың теңге алған.

«Сот жүргізу келісімінің шарттарына сәйкес, сондай-ақ жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, М.-ны ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі, 2,4-тармақтарымен кінәлі деп танылды. Сондай-ақ Мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 410 000 теңге айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», деп хабарлады Қостанай аудандық соты.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, прокурормен кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасасқан.

Бөлісу:
Қостанайлық полицей алаяқтық бабы бойынша ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар