Қазақстан
1 мин оқу 240

Беларусь елімен тауар айналымы 20%-ға өскен

<p style="text-align: justify;">ТМД Үкімет басшылары кеңесінің Астанадағы кезекті отырысы қарсаңында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченкомен кездесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкіметтің ресми парақшасына сілтеме жасап.</p>

Өзара сауданы ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Қазақстан Беларусь нарығына шығарылатын экспортты кеңейтуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты Үкімет жақын арада Беларусь басшылығының қарауына жіберілетін әлеуетті экспорттық тауарлар тізбесін жаңартқан.

о

Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 20%-ға өскен.

«Қазіргі таңда біз әртүрлі салаларда шикізаттық емес тауарлардың 105 түрін жеткізу мәселесін бірлесіп пысықтауға дайынбыз», деді Әлихан Смайылов.

ы

Екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі – өнеркәсіп кооперациясы. Бүгінгі таңда 1,5 мың жұмыс орнын құра отырып, бірлескен 7 жоба іске қосылды, тағы 2 жоба іске асыру сатысында.

ь

Өз кезегінде Роман Головченко ауыл шаруашылығында, атап айтқанда, Қазақстанда Беларусь технологиялары бойынша тауарлы сүт кешендерінде бірлескен жобаларды іске қосудың перспективаларын айтып, екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылды мақсатты түрде нығайтуға дайын екенін айтқан.

Бөлісу:
Беларусь елімен тауар айналымы 20%-ға өскен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар