Сот Елжан Біртановтың үкімін жариялады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен<span class="Apple-converted-space"> </span>бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Сот Елжан Амантайұлы Біртановты «санитариялық авиацияның әуе кемесін пайдалану» эпизоды бойынша ҚР ҚК 361-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық үшін кінәсіз деп тануға және оның әрекеттерінде осы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауын ақтауға үкім шығарды. Біртанов Елжан мен Әбішев Олжас ҚР ҚК 361 – бабының 4 - бөлігінде 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және осы бап бойынша Біртановқа бес жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза, Әбішевке 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын», деп үкім шығарды судья Ибрагим Әлкенов.