Спорт
1 мин оқу 280
Елордада жасөспірімдер арасында таеквондодан ел кубогы өтеді
<p style="text-align: justify;">2022 жылғы 2-4 қараша күндері Астана қаласында таеквондо-GTF бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында ел кубогы өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Додаға еліміздің барлық облысы мен қалаларынан 600-ден астам спортшы қатысады.
Қазақстан Республикасының Кубогы екі жас санатында, яғни 12-14 жас және 15-17 жас аралығында өтеді. Сондай-ақ бұл турнирде үздік техника мен әсерлі жекпе-жектерге кубоктар беріледі.
Бөлісу: